KZ RU
Денсаулық сақтаудың
жүйелік өнімдері
0
себет

Ангиоклинз, 60 капс.
Ангиоклинз, 60 капс.
(1)
Код товара: 4016
Жоқ
26 500 тенге
До конца акции осталось:
00дн.
00час.
00мин.

Тамырларды тазартуға арналған заманауи табиғи кешен

Angiocleanse

Қан айналымы жүйесінің аурулары: ишемия, миокард инфарктісі, тромбоз, ми инсультының және т.б. алдын алу. Артериалды қан қысымын қалпына келтіруге көмектеседі, мембранопротекторлық, аритмияға қарсы, иммунтүрлендіруші, қабынуға қарсы, аллергияға қарсы әсері бар. Мидың метаболизмін жақсартады, күйзеліске қарсы, тері ауруларына қарсы, онкопротекторлық әсері бар.

Подарок при покупке
Дарим подарок при покупке данного товара
Выбрать подарок


    Ангиоклинз, 60 капс.
    Ангиоклинз, 60 капс.
    (1)
    Жоқ
    26 500 тенге

    Арт. 4016
    АҚШ-та өндірілген. № 77.99.11.003.E. 008514.08.15 20.08.2015
    Құты 60 капс.

    Ангиоклинздің құрамында бар фитостерол эфирлерінің, сондай-ақ Омега-3 санатындағы көп қанықпаған май қышқылдарының келешегі бар жаңа тобы анық байқалатын атеросклерозға қарсы әсерге ие. Өнімнің биологиялық белсенді заттары қан айналымы жүйесінің ишемия, миокард инфарктісі, тромбоз, ми инсульты және т.б. көптеген ауруларының алдын алуға көмектеседі. Өнімнің құрамдастары липидті алмасуға ықпал етіп және қандағы «жаман» холестериннің құрамын төмендетіп, нәтижесінде жалпы жүрек-қантамыр жүйесінің жұмыс істеуіне пайдалы әсер ете отырып, айқын антиоксиданттық белсенділікке де ие бола алады.

    Өнімнің құрамдастары артериалды қан қысымын қалпына келтіруге көмектеседі, мембранопротекторлық, аритмияға қарсы, иммунтүрлендіруші, қабынуға қарсы, аллергияға қарсы, мидың метаболизмін жақсартатын, күйзеліске қарсы, тері ауруларына қарсы, онкопротекторлық әсері бар.

    Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, Ангиоклинз кешенінің биологиялық белсенді заттары мидың қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет, себебі ол сигналды бір жасушадан екінші жасушаға тасымалдайтын импульстарды жеткізуге көмектесетін қуаттың тез келуін қамтамасыз етеді. Бұл бізге жеңіл ойлануға, ақпаратты жадымызда сақтауға және оны ол жерден қажеттілігіне қарай алып отыруға, сондай-ақ күйзелістерді оңай жеңуге көмектеседі.

    Құрамы

    Фитостеролдар эфирлерінің кешені («Vegapure®»), балық майы, соның ішінде Омега-3 КҚМҚ (эйкозопентаен қышқылы,  докозагексаен қышқылы), грейпфрут сығындысынан алынған нарингенин, токотриенол, ликопин.

    Құрамдастарының қасиеттері:

    Патенттелген фитостеролдар эфирлерінің қоспасы Vegapure® - құрылымы бойынша жануарлар өнімі – холестеринге өте жақын өсімдіктер жасушалары мембраналарының табиғи құрамдастарынан тұрады. Соның арқасында Vegapure® қоспасы ағзадан «жаман» холестеринді шығаруға жақсы көмектеседі. Иммунтүрлендіргіш және қабынуға қарсы әсері бар.

    Омега-3 санатындағы көп қанықпаған май қышқылдарының қоспасы – қанның тұтқырлығын төмендетуге көмектеседі, тромбозға қарсы, қабынуға қарсы және антиоксиданттық әсері бар, липидтердің алмасуына қалпына келтіргіш ықпал етеді.

    Нарингенин (грейпфрут сығындысынан алынған) – флавоноидтар тобына жатады. Қабынуға қарсы әсері, антиоксиданттық қасиеттері бар, капиллярлар қабырғаларының сынғыштығы мен өткізгіштігін азайтады.

    Токотриенолдар – Е дәруменінің табиғи көздері. Антиоксиданттық белсенділікке ие, қандағы холестерин деңгейін төмендетуге көмектеседі.

    Ликопин – каротиноидтар тобындағы табиғи органикалық пигмент, қызанақ, қызыл бұрыш, қарбыз сияқты көптеген өсімдіктердің қызыл-қызғылт сары бөліктерінің құрамында бар. Керемет антиоксидант, жүрек-қантамыр және қатерлі ісік ауруларының алдын алуға таптырмайтын табиғи құрамдас.

    Пайдалы кеңестер: құрғақ, жарықтан қорғалған және балалардың қолы жетпейтін жерде 25 °С-тан аспайтын температурада сақтаңыз.
    Қарсы көрсеткіштер: құрамдастарға жеке төзімсіздік, жүктілік, бала емізу.

    ББҚ. Дәрі болып табылмайды.
    Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.  


    Раздел не найден.

    , .

    (-). 18 21.00 ( , 18.00), ( 18.00).

    . . .