KZ RU
Денсаулық сақтаудың
жүйелік өнімдері
0
себет

Натурсидин, 30 мл.
Натурсидин, 30 мл.
(118)
Код товара: 290
Қол жетімділік: көп
25 300 тенге
До конца акции осталось:
00дн.
00час.
00мин.

Микробтарға қарсы қорғаныс және иммунитеттің күшті болуы

Naturcidin

Антиоксиданттық, антисептикалық, микробтарға қарсы, уытсыздандыру және иммунмодульдеуші әсер етеді. Бактерияларға қарсы заманауи агенттерге деген төзімділігі жоғары микробтарға қарсы бірнеше белсенді әсер ету механизмдері бар.


Подарок при покупке
Дарим подарок при покупке данного товара
Выбрать подарок


    Натурсидин, 30 мл.
    Натурсидин, 30 мл.
    (118)
    Қол жетімділік: көп
    25 300 тенге

    Арт. 290
    АҚШ-та өндірілген. № RU 77.99.11.003.Е. 000518.01. 15 20.01.2015 ж
    құты 30 мл

    Сауыт

    АҚШ Ұлттық денсаулық сақтау институтының жария мәлімдемесіне сәйкес барлық микробтық инфекциялардың 65%-нан артығы биоүлдірлердің салдарымен туындаған. Бастапқыда бұл сан жоғары болып көрінеді, алайда, ішек таяқшаларының салдарынан несеп шығару жолдарының инфекциясы, гемофильді инфекциялардың салдарынан балалардың ортаңғы құлағының инфекциясы, биоүлдірлердің болуы салдарынан туындайтын гингивит пен қанжел сияқты қиын емделетін немесе қайталамалы инфекциялардың таралуын еске түсірсек, онда жоғарыда көрсетілген сан анағұрлым шынайы болып келеді. Аурудың тарап кетуіне жол бермеу үшін биоүлдірлермен күресу қажет.

    Натурсидин – бұл әртүрлі өсімдіктердің, жемістердің, саңырауқұлақтардың белсенділігі жоғары концентраттарының көзі; олардың биологиялық белсенді қосылыстары әртүрлі механизмдер арқылы бактерияларға қарсы және иммун реттеуші әрекет етеді; үлдірдің түзілуіне жол бермеу арқылы кворумды басады. Құрамында илік заттектер, берберин және кейбір фенол қосылыстары бар өсімдіктер бактерияларға қарсы басқа агенттермен өзара әрекеттескен кезде көптеген микроағзаларға қарсы пайдалы әсер етеді.

    «Натурсидин» кешенінде пайдаланылатын қара жаңғақ, ақ шілік, таңқурай жапырағы және сарымсақ бөлшектері микроағзалардың бактерияларға қарсы әртүрлі агенттердің әсеріне деген төзімділікті басады. Гальбанум мен лаванданың концентраттарындағы қосылыстардың микробтарға қарсы белсенділігі бар. Грейпфрут, қаражидек сірінділерінде сұйылтылған таниндер, фенол қосылыстары бар, олар биоүлдірлердің түзілуіне тосқауыл болады және бактериялардың өсуі мен қозғалғыштығын баса алады.

    «Натурсидин» биоүлдірлерге қысым көрсетудің бірнеше механизмдерінің кейін бірден әрекет етеді, патогенді микроағзаларға қарсы белсенділіктің кең спектрі бар. Құрамында өсімдік иммунмодуляторларының болуының арқасында ағзаның өзіндік қорғаныс күштерін реттеуге ықпал етеді.

    «Натурсидин»– бұл нақты іріктеп алынған белгілі өсімдік компоненттерінің: жидек жемістерінің (қаражидек), саңырауқұлақтардың (шиитаке, кордицепс), шөптердің (қызылкүрең, моринда, алатікен), сондай-ақ эфир майларының (орегано, гальбанум, лаванда, сарымсақ, жұпаргүл) концентраты. Осындай концентраттың биологиялық белсенді қосылыстарының байламы антиоксиданттық, антисептикалық, уытсыздандыру және иммунмодульдеуші әсерлер үшін оң жағдай жасайды.

    «Натурсидин» кешенінің белсенді қосылыстары ағзаның иммундық қасиеттерін оң әсер етіп, әртүрлі буындардың жұмысын реттейді. «Натурсидин» кешенінің биологиялық белсенді компоненттерінің бактерияларға қарсы заманауи агенттерге деген төзімділігі жоғары бактериялардың әртүрлі түрлеріне әсер ететін бірнеше микробтарға қарсы механизмдері бар. «Натурсидин» кешенінің компоненттері жүйелі түрде де, ас қорыту жүйесінде де жұмыс жасайды, жіті немесе созылмалы инфекциялар кезінде пайдалы болуы мүмкін; дренаждық жолдарды белсендіру арқылы уытсыздандыру үдерістерін қолдайды, тіндердің қабынуын азайтады және жазылуына ықпал етеді.

    «Натурсидин» кешенінің қосылыстары синергетикалық әрекет етеді және жағымсыз әсерлерсіз немесе мүшелердің жүйесіне қысым түсірмей, қажет нәтижеге жетуге мүмкіндік береді.

    Құрамы: қаражидек сіріндісі, грейпфрут дәндерінің сіріндісі, кардицепс, шиитаке, нони (цитрусолисттік моринда), сарымсақ, ақ шілік қабығы, шұбар алатікен, күңгірт қызылкүрең тамыры, қара грек жаңғағы, сары шерменгүл, орегано эфир майы, лаванда эфир майы, гальбанум эфир майы, қызылша шырыны.

    Ингредиенттердің қасиеттері:

    Қаражидек сіріндісі алыстан нашар көрушілікті түзеуге ықпал етеді, көз торын нығайтады, ымырттық көруді жақсартады, антиоксиданттық әрекет етеді.

    Алатікен жемістерінің (сүтті түйетікен) сіріндісінде табиғи флавоноидтардың құрамдастары бар, соның арқасында күшті гепапротекторлық әрекет етеді және бауырдың токсиндік (химиялық, тағамдық, алкогольдік, дәрілік және т.б.) зақымданулары мен әртүрлі аурулары кезінде қолдануға кеңес беріледі.

    Грейфрут дәндерінің сіріндісі АІЖ-ғы зеңдер мен саңырауқұлақшаларды жояды. Грейпфрут дәндерінің негізіндегі препараттар ағзаны токсиндік заттардан тазартады және иммунитетті арттырады. Дәндердің сіріндісі ас қорыту жолының аурулары кезінде – асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы, өңештің инфекциялары кезінде, паразиттер, зеңдер, асқазан ауруы және уланулар кезінде тиімді. Грейпфрут дәндерінің сіріндісі қан тамырларының қабырғаларын нығайтады және холестерин түзілімдерінің жібуіне ықпал етеді, осылайша, қан ұйығының түзілмеуіне тосқауыл болады. Ол атеросклероздың, гипертонияның және миокард инфаркті кезінде тиімді профилактика болады.

    Шиитаке саңырауқұлағының сіріндісінде айқын иммунмодульдеуші қасиеттері бар, интерферондардың шығарылуына ықпал ететін биологиялық қосылыстар бар.

    Кордицепс жоғары адоптогендік қасиеттері бар саңырауқұлақ ретінде танымал; оның құрамында биологиялық және фармокологиялық қасиеттерге қызығушылық тудыратын заттар, мысалы, кордицепин бар; кордицепстің белгілі мицелия циклоспорин иммундық депрессантын алуға арналған шикізат болып табылады.

    Қызылкүрең тамырының сіріндісі. Құрамында белсенді қосылыстарының байламы (полисахаридтер, флавоноидтар, сапониндер және т.б.) болуының арқасында қызылкүрең иммундық жүйенің әртүрлі буындарына ынталандырғыш әсер етеді, адоптогендік қасиеттері бар, зат алмасуды ынталандырушы және антисептик болып табылады. Қызылкүреңнен жасалған көптеген препараттар бар, оларды вирустық инфекцияға қарсы кешенді терапия кезінде, дене және психикалық жүктеме жоғары болған кезде, антибиотик терапиясынан кейін қолдануға кеңес беріледі.

    Қара грек жаңғағы антисептикалық, жалпы нығайтқыш, тұтқыр, іш жүргізетін және ішек құртына қарсы әрекет етеді. Ішек зеңмен зақымданған кезде көмектеседі.

    Сары шерменгүл орталық жүйке жүйесіне ынталандырғыш әсер етеді, тиімді антидепрессант болып табылады. Жалпы нығайтқыш қасиеттері айқын, әсіресе қатты жүдеу және қаназдық кезінде тиімді. Асқазан секрециясын ынталандыру арқылы ас қорыту жүйесінің жұмысына оң әсер етеді.

    Лаванда майы тері үшін тыныштандырғыш, антисептикалық, жараны жазатын құрал ретінде қолданылады. Өзінің белсенді компоненттерінің арқасында қабынуға қарсы, сергіткіш, балғындатқыш әсер етеді, қан айналымын жақсартуға және терінің жасушаларын қалпына келтіруге ықпал етеді. Безеу мәселелері бар тері үшін тиімді.

    Сарымсақ сіріндісінің құрамында жүрек-қан тамыры жүйесіне оң әсер ететін, қандағы холестериннің деңгейін төмендетуге, қанның тұтқырлығын азайтуға және микроциркуляцияны жақсартуға ықпал етеді. Ағзаны токсиндерді шығару қабілетін арттырады. Ішекте микробтарға қарсы және зеңдерге қарсы әрекет етеді. Иммундық жүйенің кейбір буындарын ынталандырады және ағзаны вирустық және бактериялық инфекциялардан қорғайды.

    Пайдалы кеңестер: балалардан қорғалған, құрғақ, жарық түспейтін жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтаңыз.

    Қарсы көрсетімдері: компоненттерге дербес төзімсіздік, жүктілік, бала емізу.

    ББҚ. Дәрі болып табылмайды.
    Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн. 


    Раздел не найден.

    , .

    (-). 18 21.00 ( , 18.00), ( 18.00).

    . . .