KZ RU
Денсаулық сақтаудың
жүйелік өнімдері
0
себет

Үздік сатушы
Нутриклинз, 228 гр.
Нутриклинз, 228 гр.
(101)
Код товара: 5000TR
Қол жетімділік: көп
19 500 тенге
До конца акции осталось:
00дн.
00час.
00мин.

Ағзаны кешенді тазарту

Nutri-Cleanse

Ішектің қимыл қызметін және босауын реттейді, бұл тамақтану бұзылған кезде, артық салмақ болған кезде, тоқ ішекте қатерлі өскіндер пайда болу қаупі жоғары болғанда маңызды. Ішек пен ағзаны шлактар мен токсиндерден тазартады. Шығару жүйелерінің: асқазан-ішек жолының, өт өзектерінің және ұйқы безі өзектерінің жұмысын қалпына келтіреді; несеп айдағыш және қақырық түсіргіш әрекет етеді.

Подарок при покупке
Дарим подарок при покупке данного товара
Выбрать подарок


    Нутриклинз, 228 гр.
    Нутриклинз, 228 гр.
    (101)
    Қол жетімділік: көп
    19 500 тенге

    Арт. 5000ТR 
    АҚШ-та өндірілген. № 77.99.11.003.Е. 001706.02. 15 02.02.2015 ж 
    Құты 228 ж

    Нутриклинз – ішекті және ағзаны шлактар мен токсиндерден тазартуға арналған керемет табиғи құрал. Аналогтары жоқ, өнімнің рецептурасы әртүрлі бағытталған кешенді әрекет ететін емдәмдік талшықтарды, дәрумендерді, минералдарды, амин қышқылдарын, табиғи ферменттерді және лактобактерияларды үйлестіреді.

    Қорытылатын және қорытылмайтын тағамдық талшықтар ағзадан зат алмасудың токсинді өнімдерін, радионуклидтерді, ауыр металлдардың тұздары мен паразиттерді шығаруға ықпал етеді. Лактобактериялар пайдалы ішек микрофлорасын қалыптастыру үшін жағдай жасайды. Өнімнің формуласындағы заттардың тазартқыш кешені қандағы холестериннің деңгейін төмендетуге ықпал етеді, ішектің қимыл қызметін және жүйелі түрде босатылуын реттейді, бұл әсіресе тамақтану бұзылған кезде, артық салмақ болған кезде, тоқ ішекте қатерлі өскіндер пайда болу қаупі жоғары болғанда маңызды.

    Кешеннің биологиялық белсенді заттары қажет дәрумендер мен минералдардың тапшылығын толықтырады, барлық шығару жүйелерінің: асқазан-ішек жолының, өт өзектерінің және ұйқы безі өзектерінің жұмысын қалпына келтіреді; несеп айдағыш және қақырық түсіргіш әрекет етеді. Холестерин алмасуын және қандағы қант деңгейін қалыпқа келтіруге көмектеседі, тері ауруларының, аллергиялар мен көтеудің алдын алу үшін қолданылады.

    Құрамы: бүрге жолжелкеннің дәндері, шынар жапырақты стеркулия жапырақтары, піштен (александриялық сана) жапырақтары, итмұрын жемістері, итшомырт, хлорелла (жасушалық қабырғалары бұзылған), алоэ вера жапырақтары, бета-каротин, папаин, грек жаңғағының жапырақтары, сарымсақ түйіндері, күріш кебегінен алынған май сіріндісі, ацидофильді бактериялар.

    Ингредиенттердің қасиеттері:

    Бүрге жолжелкеннің дәндері – көп мөлшерде шырыш, каротин, С және К дәрумендері, илік заттектер, майлы тоңмай бар. Ішқатпа кезінде тиімді, созылмалы колит кезінде бүркеуіш құрал ретінде әрекет етеді, сондай-ақ асқазан-ішек жолының қалыпты жұмысын қалпына келтіру үшін тиімді.

    Шынар жапырақты стеркулия жапырақтары – өсімдіктің қоюландырылған шырыны ас қорыту үдерістерін жақсартады, шлактардың, токсиндердің, улардың, холестериннің шығуына ықпал етеді.

    Піштен (александриялық сана) жапырақтары – іш жүргізетін жеңіл әсер етеді.

    Итмұрын жемістері – көптеген дәрумендерге бай. Ағзаның төзімділігін арттырады, жұмсақ және сүйек тіндерінде жазылу үдерістерін күшейтеді.

    Итшомырт (қаражеміс) – ішек моторикасын жақсартуға ықпал етеді. Іш жүргізетін жеңіл әсер етеді

    Хлорелла балдырлары – атауы құрамында хлорофиллдің көп мөлшерде болуына байланысты туындаған жасыл балдыр. Құрамында дәрумендер, минералдар, амин қышқылдары, ферменттер, жасұнық бар. Ақуыз бен микроэлементтердің көзі, иммунмодульдеуші қасиеттері бар.

    Алоэ вера жапырақтары – ішектің жұмысын ынталандырады, қабынуға қарсы әрекет етеді, асқазан-ішек жолындағы жарақаттардың, ойық жаралардың және эрозиялардың жазылуына ықпал етеді. Әлсіз және қауіпсіз тазартқыш құрал болып табылады.

    Бета-каротин – А продәрумені. Асқазан-ішек жолының шырышты қабығының бүтіндігін сақтау үшін қажет. Керемет табиғи антиоксидант болып табылады.

    Папаин – папайя жемістерінен алынған фермент, ақуыздардың жақсы қорытылуына және сіңуіне ықпал етеді.

    Қара грек жаңғағының жапырақтары – антисептикалық, жалпы нығайтқыш, тұтқыр, іш жүргізетін және ішек құртына қарсы әрекет етеді. Ішек зеңмен зақымдалған кезде көмектеседі.

    Сарымсақ түйіндері – құрамында көп мөлшерде эфир майлары, инулин, С дәрумені, Д дәрумені және В тобының дәрумендері бар. Айқын бактерицидтік қасиеттері бар. Ас қорытуды жақсартады, ішектегі шіру үдерістерін басады.

    Күріш кебегінен алынған май сіріндісі – В тобы дәрумендерінің аса бай, жалпы нығайтқыш және жұмсартқыш қасиеттері бар.

    Ацидофильді бактериялар – ақуыздардың қорытылуына ықпал етеді және қоректік заттардың сіңуін күшейтеді. Пайдалы ішек микрофлорасының қалыптасуы үшін жағдай жасайды.

    Пайдалы кеңестер: балалардың қолдары жетпейтін, құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтаңыз.

    Қарсы көрсетімдері: өнімнің компоненттеріне дербес төзімсіздік, асқазанның және он елі ішектің ойық жара аурулары, ойық жара колиттері, жіті асқазан-ішек аурулары, жүкті және бала емізетін әйелдер мен 14 жасқа толмаған балалар қабылдауға болмайды.

    ББҚ. Дәрі болып табылмайды.
    Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн. 


    Видео

    Раздел не найден.

    , .

    (-). 18 21.00 ( , 18.00), ( 18.00).

    . . .