KZ RU
Денсаулық сақтаудың
жүйелік өнімдері
0
себет

Коэнзим Q10, 60 капс.
Коэнзим Q10, 60 капс.
(6)
Код товара: 265
Жоқ
28 600 тенге
До конца акции осталось:
00дн.
00час.
00мин.
Табиғи жасушалық энергетик
CoenzymeQ10
Тікелей әсер ететін күшті табиғи антиоксидант - жоғары жүктеме кезінде жұмыс қабілетін арттырады, қуат өндірілуін іске қосады. Ағзаны оттегі жетіспеушілігінен қорғайды. Спорттық жетістіктерді арттыруға көмектеседі. Балалық жаста қауіпсіз.
Подарок при покупке
Дарим подарок при покупке данного товара
Выбрать подарок


    Коэнзим Q10, 60 капс.
    Коэнзим Q10, 60 капс.
    (6)
    Жоқ
    28 600 тенге

    Арт. 265
    АҚШ-та өндірілген. № 77.99.29.003.Е.003274.02. 15 13.02.2015 ж
    Құты  60 капс.

    Коэнзим Q10 кешені - бұл қуаттылықты және өмірлік тонусты арттыруға, иммунитетті нығайтуға, ағзаның микробқа қарсы және вирусқа қарсы қорғанысын белсендендіруге қызмет ететін жасушалық деңгейдегі қуат синтезінің табиғи элементтерінің көзі. Кешеннің белсенді заттары жүрек-қан тамырлары жүйесін сақтауда және жұмыс істеуінде маңызды рөл атқарады, қан қысымын тұрақтандыруға, жүрек бұлшықетіндегі және коронарлық тамырлар қабырғасындағы қуат алмасуды қалпына келтіруге көмектеседі, жүректің ишемиялық ауруының, миокард инфарктісінің туындауы мен дамуына жол бермейді.

    Өнімнің құрамдас бөліктері ерте қартаю үдерістеріне қарсы тұру үшін қолданылады, өмірлік қуатты арттырады, өмір сүру сапасын жақсартады, шаршауды азайтады, радиоактивті зақымдану, тотығу стрессі және көптеген уланулардың зардаптарын емдеуде қажет; зақымдалған тіндерді қалпына келтіру мүмкіндігі бар, қатерлі жасушалардың өсуін тежейді, ісік аурулары мен пародонтозды, бұлшықет дистрофиясын емдеуде және күйіктен кейін тіндерді қалпына келтіруде қолданылады.

    Коэнзим Q10 кешенінің элементтері сонымен қатар майдың белсенді ыдырау үдерістерін ынталандырады және май тіндерін оттегімен қанықтырады, осылайша салмақтың тез төмендеуін қамтамасыз етеді.

    Құрамы: коэнзим Q10, А дәрумені, Е дәрумені (токоферолдар табиғи қоспасы).

    Құрасындардың қасиеттері:

    Коэнзим Q10 - биохимиялық энергия тасымалдаушылары - АТФ молекулаларының синтезіндегі аса маңызды элемент. Жоғары қан қысымын бақылайды және төмендетеді, қанның липидті құрамын қалыпқа келтіреді, қанның реологиялық қасиеттерін жақсартады, жүрек-қантамыр және иммундық жүйелердің жұмысында маңызды рөл атқарады. Қант диабетінің, өкпенің, бауырдың созылмалы ауруларының алдын-алу үшін қажет, ісікке қарсы және жараларды жазатын қасиеттері бар, бұлшықет дистрофиясында, пародонтозда, көптеген ауруларды емдеуде тиімді. Жүрек бұлшықетіндегі және коронарлық тамырлардағы қуат алмасуын қалыпқа келтіреді және сақтайды. Ми жасушаларын липидті асқын тотығудан қорғайды, есте сақтау қабілетін, үйлесімділікті жақсартады, терінің жастығын ұзартады, салмақты азайтуға көмектеседі.

    Витамин Е (натуральная смесь токоферолов) - антиоксидант ретінде әсер етеді, жасуша ішіндегі зат алмасу үдерістерін ынталандырады. Энергетикалық метаболизмді реттеуші болып табылады, жүрек-қан тамырлары жүйесіне қорғаныш әсерін тигізіп, атеросклероздың даму, катарактаның пайда болу қаупін азайтады, тіндердің тыныс алуын белсендендіреді, ағза тіндерінің тез қартаюына жол бермейді.

    Пайдалы кеңестер: құрғақ, жарықтан қорғалған және балалардың қолы жетпейтін жерде, 25 °С-тан аспайтын температурада сақтаңыз.
    Қарсы көрсеткіштер: құрамдастарға жеке төзімсіздік.

    ББҚ. Дәрі болып табылмайды.
    Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн. 


    Раздел не найден.

    , .

    (-). 18 21.00 ( , 18.00), ( 18.00).

    . . .