KZ RU
Денсаулық сақтаудың
жүйелік өнімдері
0
себет

Коллоидное серебро, 118 мл.
Коллоидное серебро, 118 мл.
(47)
Код товара: 266
Қол жетімділік: көп
23 200 тенге
До конца акции осталось:
00дн.
00час.
00мин.

Бактериялар мен зеңдерге қарсы табиғи антисептик

ColloidalSilver

Ағзаның микрфлорасын сақтай отырып, бактериялардың, зеңдер мен паразиттердің көбеюіне тосқауыл болады. Керемет антисептик болып табылады, жалпы нығайтқыш, қабынуға қарсы және тұтқырлық әрекет етеді. Ағзаның тонусын және иммунитетін арттырады.

Подарок при покупке
Дарим подарок при покупке данного товара
Выбрать подарок


    Коллоидтық күміс, 118 мл.
    Коллоидтық күміс, 118 мл.
    (47)
    Қол жетімділік: көп
    23 200 тенге

    Арт. 266
    АҚШ-та өндірілген. № 77.99.19.003.Е.000021.01. 15 12.01.2015 ж
    118 мл құты

    «Коллоидтық күміс» кешені - табиғи таза, ионсыздандырылған судан және минералдық күмістің микроскоптық бөлшектерінен тұрады. Электрмагниттік зарядты пайдалану арқылы, химиялық үдерістерсіз жасалады. Кешеннің компоненттерінің нығайтқыш, қабынуға қарсы және тұтқырлық қасиеттері бар, кең пайдаланылатын күшті және қауіпсіз антисептик ретінде жұмыс жасайды, ауру тудырғыш микроағзалардың 600-ден астам түрін басады, иммунитетті күшейтеді, ағзаның тонусын ынталандырады. Адам ағзасында күмістің тапшылығы микроэлементтердің тапшылығына әкеп соғатыны және иммун тапшылығына ілесетіні мәлім, соның нәтижесінде инфекциялық, вирустық және салқын тию аурулары жиі туындайды, сондай-ақ бүйрек үсті безінің қызметінде жетімсіздік туындайды, бұл жалпы әлсіздік, белсенділіктің төмендеуі және күретамыр қысымының ауытқуы түрінде білінеді. Өнімді жүйелі түрде қабылдау тіршілік әрекеті төмендеген кезде көмектеседі және бөгде вирустардың, бактериялар мен зеңдердің көбеюіне жол бермейді, бұл ретте ағзаның сапалы микрофлорасына зақым келтірмейді. Өнімнің формуласына кіретін коллоидтық күміс асқазан-ішек жолының ауруларының, конъюнктивиттің, безеулі бөртпенің, гинекология саласындағы аурулардың және жоғарғы тыныс алу жолдарының ауруларының алдын алу үшін қолданылады.  Сырттай және іштей қолданылады, яғни көздерге және мұрынға тамызу үшін, сумен бүркіп жуу және тазарту үшін; сызаттар, тіліктер, ашық жаралар, қышыма, әртүрлі жәндіктер шағып алған кезде және басқа зақымданулар кезінде қолданылады. Күмістің коллоидтық ерітіндісі тұздарға қарағанда ағзада жиналмайды, сондықтан жүйелі түрде қолданылған кезде мүлдем зиянсыз. «Коллоидтық күміс» өнімі қатарлас қабылданатын басқа препараттарға әсер етпейді немесе олармен өзара әрекеттеспейді.

    Құрамы

    Күміс

    35 мкг

    Ионсыздандырылған су

    0,999 мл

    Ингредиенттердің қасиеттері:

    Коллоидтық күміс - табиғи антибиотик, 100% қауіпсіз және адам ағзасы үшін токсинді емес, патогенді микроағзалар оған ешқашан төзімді болмайды. Коллоидтық күмістің ерітіндісінде өлшемдері минималды күмістің бөлшектері максималды мөлшерде болады, сондай-ақ айқын антисептикалық және қабынуға қарсы әрекет ететін минерал болады, ол бактериялар мен зеңдердің көбеюіне тосқауыл болады, иммунитетті нығайтады, ішкі секреция бездерінің, мидың, бауыр мен сүйек тінінің қалыпты қызметі үшін қажет, қанға жасартқыш әсер етеді және ағзада физиологиялық үдерістердің өтуіе оң әсер етеді. 

    Ионсыздандырылған су – құрамында қосындылардың иондары жоқ, өте жақсы тазартылған су.

    Пайдалы кеңестер: балалардың қолдары жетпейтін, құрғақ, жарықтан қорғалған жерде сақтаңыз.
    Қарсы көрсетімдері: компоненттерге дербес төзімсіздік.

    ББҚ. Дәрі болып табылмайды.
    Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн. 


    Видео

    Раздел не найден.

    , .

    (-). 18 21.00 ( , 18.00), ( 18.00).

    . . .