KZ RU
Денсаулық сақтаудың
жүйелік өнімдері
0
себет

Нефроклинз, 60 капс.
Нефроклинз, 60 капс.
(0)
Код товара: 4007
Жоқ
17 300 тенге
До конца акции осталось:
00дн.
00час.
00мин.

Несеп шығару жүйесінің саулығы

Nephrocleanse

Бүйректердің және несеп шығару жүйесінің жұмысын жақсартады. Несептің жылыстауын қалпына келтіреді, ісінулерді төмендетеді, ағзадан токсиндерді шығарады. Патогенді және шартты-патогенді микроағзалардың көбеюіне тосқауыл болады, несеп-тас ауруының алдын алуға қатысады.

Назар аударыңыз! Сақтау мерзімі шектеулі

Подарок при покупке
Дарим подарок при покупке данного товара
Выбрать подарок


    Нефроклинз, 60 капс.
    Нефроклинз, 60 капс.
    (0)
    Жоқ
    17 300 тенге

    Арт. 4007
    АҚШ-та өндірілген. № 77.99.11.003.E. 010021.11.15 06.11.2015
    Құты 60 капс.

    «Нефроклинз» кешенінің белсенді заттарының негізгі қасиеттері – несеп шығару жүйесі мүшелерінің тиімділігін арттыру.

    Қоспаның компоненттерінің микробтарға қарсы және қабынуға қарсы қасиеттері бар, болмашы несеп айдау әсері бар. Ісінуді басу және несептің жылыстауын қалпына келтіру арқылы ағзадан шлактарды шығаруға ықпал етеді, сондықтан олар уланулар кезінде өте тиімді. Несеп-жыныстық жүйенің шырышты тінінде бактериялардың түзілуіне тосқауыл болады, патогенді және шартты-патогенді микроағзалардың көбеюіне тосқауыл болады, несеп-тас ауруының алдын алуға және қорғауға көмектеседі. 

    Формуланың компоненттері несеп шығару жолдары үшін жалпы нығайтқыш құрал ретінде әрекет етеді және бауырдың тас түзілу, қуықтың қабынуы, бүйректің қабынуы, үрпінің қабынуы сияқты ауруларын емдеу үшін тиімді.

    Құрамы: калий аспартаты, аюқұлақ жапырақтарының сіріндісі, баросма жапырақтарының сіріндісі, мүкжидек жидектерінің шырыны, арша жидегі, дала қырықбуыны шөбі, бромелайн, жүгері ауыздары, ақжелкен жапырақтары, ұзын куркума тамыр сабағының сіріндісі, қошқыл қызыл иткендір шөбі, қарбыз шырыны (кептірілген).

    Ингредиенттердің қасиеттері:

    Калий аспартаты (калий және магний аспарагинаты) – жүрек ырғағы бұзылған кезде қолдануға арналған қисындастыру, жасушаішілік кеңістікке калий иондарының сіңуіне ықпал етеді, калий иондары ағзаның барлық жүйелерінің қалыпты жұмысы үшін қажет, әсіресе ағзадан несеп шығуына ықпал ететін несеп айдағыш құралдарды қабылдаған кезде қажет.

    Аюқұлақ жапырақтарының сіріндісі – қуық пен несеп шығару жолдарының қабыну аурулары кезінде несеп айдағыш және микробтарға қарсы құрал ретінде қолданылады.

    Баросма жапырақтарының сіріндісі – жұмсақ несеп айдағыш және уроантисептикалық әсер етеді. Несеп шығу жүйесі арқылы токсиндерді шығаруды жеңілдетеді. Бүйректерде тастардың түзілуіне тосқауыл болады, ісінулерді басады.

    Мүкжидек жемістерінің шырыны – құрамында органикалық қышқылдар, дәрумендер, микроэлементтер бар, солардың арқасында қабынуға қарсы және антиоксиданттық әрекет етеді және несеп шығару жолдарының ауруларының алдын алу кезінде тиімді.

    Арша жидегі – құрамында эфир майлары бар, олар несеп шығару жолдарын зарарсыздандырады және ағзадан токсиндердің шығарылуын жеделдетеді.

    Дала қырықбуыны шөбі – құрамында бірқатар пайдалы заттар бар, солардың арасында кремний қышқылын атап өтуге болады. Ісінулер кезінде, қуық пен несеп шығару жолдарының қабыну үдерістері кезінде қолданылады.

    Бромелайн – протеолитикалық фермент, ақуыздарды ыдыратады, қабынуға қарсы әрекет етеді. Бромелайнның осы қасиеті ауыруды және ісінуді азайту үшін пайдаланылады.

    Жүгері ауыздарының сіріндісі – өт шығару және несеп шығару жолдарына түйілуді басатын әрекет етеді. Өттің іркілуін болдырмаудың арқасында бауырды тазартуға ықпал етеді. Тастардың түзілуін азайтады, тітіркенуді жұмсартады және несеп шығару жолдарынан ұсақ тастарды шығаруға ықпал етеді.

    Ақжелкен жапырақтары – құрамында флавоноидтар мен дәрумендердің, эфир майларының, фитонцидтер мен пектин заттарының мөлшері көп, олар несеп айдағыш әрекет етеді, токсиндерді ағзадан шығаруға ықпал етеді.

    Ұзын куркума тамыр сабағының сіріндісі – өттің синтезін және шығарылуын ынталандырады, шаншулар мен түйілулердің пайда болуына жол бермейді, ауырлық және іш кебу сезімін кетіреді. Ас қорытуды реттейді, қандағы холестерин деңгейін төмендетеді.

    Қарбыз шырыны (кептірілген) – таптырмас өт айдағыш құрал, артық тұздарды ағзадан шығаруға ықпал етеді.

    Пайдалы кеңестер: балалардың қолдары жетпейтін, құрғақ және жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтаңыз.

    Қарсы көрсетімдері: компоненттерге дербес төзімсіздік, жүктілік, бала емізу.

    ББҚ. Дәрі болап табылмайды.
    Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн. 


    Раздел не найден.

    , .

    (-). 18 21.00 ( , 18.00), ( 18.00).

    . . .