KZ RU
Денсаулық сақтаудың
жүйелік өнімдері
0
себет

Фибромакс, 90 капс.
Фибромакс, 90 капс.
(0)
Код товара: 1550
Жоқ
20 600 тенге
До конца акции осталось:
00дн.
00час.
00мин.

Бұлшықет жүйесін нығайту
Fibro Prо

Компоненттердің табиғи биоқолжетімді кешені. Бұлшықет ұлпасын нәрлендіреді және қалпына келтіреді, буындарды, байламдар мен сіңірлерді нығайтады. Ағзаның энергетикалық теңгеріміне қолдау көрсетеді, бұлшықеттегі, буындар мен буынмаңы ұлпалардағы ауруларды басуға ықпал етеді, сіңір тартылып қалған кезде және тері сезімталдығы нашарлаған кезде көмектеседі.

Подарок при покупке
Дарим подарок при покупке данного товара
Выбрать подарок


    Фибромакс, 90 капс.
    Фибромакс, 90 капс.
    (0)
    Жоқ
    20 600 тенге

    Арт. 1550
    АҚШ-та өндірілген. № 77.99.11.003.Е. 000528.01. 15 20.01.2015 ж
    Құты 90 капс.

    Күкірттің биоқолжетімді нысаны бар «Фибромакс» табиғи дәрумендік кешені бұлшықет ұлпасын қалпына келтіруге және қоректік қолдау көрсетуге, сіңірлер мен буындарды нығайтуға ықпал етеді.

    Кешеннің белсенді құрамдастары бұлшықеттің созылмалы шаршаңқылығы кезінде ағзаны теңгерімдейді, қабынуға қарсы және антиоксиданттық әрекет етеді; күшті эмоциялық және дене жүктемелері кезінде, бұлшықет жүйесінің энергетикалық және атқарымдық әлсіздігі кезінде, шамадан тыс шаршаған кезде жалпы нығайтқыш әсер етеді; ағзаның энергетикалық теңгерімін жұмыс күйінде ұстайды; буындардағы, бұлшықеттердегі, буынмаңы ұлпаларындағы ауруларды басуға көмектеседі; сіңір тартылып қалған кезде және терінің сезімталдығы бұзылған кезде көмектеседі.  

    Құралдың компоненттерінің әрекет етуші құрамдас бөліктері несеп шығару және жүрек-қан тамыры жүйелеріне оң әсер етеді, жасушаішілік үдерістерді тұрақтандырады, гипоксияның алдын алады, есте сақтау қабілетін жақсартады, зияткерлік қабілетті арттырады.

    Құрамы: алма қышқылы, метилсульфонилметан (OptiMSM™), магний (амин қышқылды хелат), зәйтүн жапырақтарының сіріндісі, В6 дәрумені (пиридоксин гидрохлориді), альфа-жөке қышқылы, босвеллин (ладан ағашынан алынған).

     

    Ингредиенттердің қасиеттері:

    Алма қышқылы – қант пен майларды ағзада энергияның көзі болып табылатын аденозинтрифосфатқа айналдыруда маңызды рөл атқарады. Бауырда өт түзілуді реттеу үдерістеріне қатысады, ас қорыту үдерістерін ынталандырады, қабынуға қарсы қасиеттері бар, темірдің тағамнан сіңуін жақсартады.

    Метилсульфонилметан (optiMSM™) – күкірттің биологиялық белсенді қосылысы, құрамында күкірт бар ақуыздардың, ферменттердің және басқа өмірлік маңызды субстраттардың синтезіндегі маңызды элемент. Күкірттің органикалық кешендері дәнекер тінінің негізі болып табылады, сонымен қатар, жүректің қақпақша аппаратының, буынның беткі қабатының, сіңірлердің, тізе мен жамбас буындарының байланыстырушы кешенінің, омыртқаның негізі болып табылады.

    Магний (амин қышқылды хелат) – жүйке мен иммундық жүйелердің саулығы үшін, ұлпалардың жаңаруы үшін, энергия шығару үшін маңызды. 

    Зәйтүн жапырақтарының сіріндісі – жасушалық деңгейдегі уытсыздандыруға ықпал етеді, жоғары гипогликемиялық белсенділігі бар, зеңдерге қарсы, вирустарға қарсы, паразиттерге қарсы әрекет етеді. Қан айналымын жақсартады, буындардың қабынуын азайтады, созылмалы шаршаңқылық синдромының симптомдарын кетіреді, күш-жігер мен төзімділікті арттырады.

    Вдәрумені (пиридоксин гидрохлориді) – холестерин мен басқа «нашар» липидтердің шоғырлануын төмендетеді, бауырдың уытсыздандыру атқарымдарын жақсартады, қан түзуге оң әсер етеді. Терідегі және шырышты қабықшалардағы зат алмасу үдерістерін ынталандырады.

    Альфа-жөке қышқылы – липидтік және көмірсу алмасуын реттеуге қатысады, холестериннің алмасуына әсер етеді, бауырдың жұмысын жақсартады, уланулар кезінде, соның ішінде ауыр металлдардың тұздарымен уланған кезде детоксикациялық әрекет етеді.

    Босвеллин (ладан ағашынан алынады) – қабынуға қарсы, шорбуынға қарсы, зеңдерге қарсы және бактерияларға қарсы әрекет етеді, буындар мен ұлпалардың нәрленуіне ықпал етеді. Холестериннің деңгейін төмендетуге көмектеседі, бауырды қорғайды, ауру сезімдерін тиімді түрде төмендетеді, дененің жұмысқа қабілетін арттырады.

    Пайдалы кеңестер: балалардың қолдары жетпейтін, құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтаңыз.

    Қарсы көрсетімдері: компоненттерге дербес төзімсіздік.

    ББҚ. Дәрі болып табылмайды.
    Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн. 


    Раздел не найден.

    , .

    (-). 18 21.00 ( , 18.00), ( 18.00).

    . . .