KZ RU
Денсаулық сақтаудың
жүйелік өнімдері
0
себет

Жаңа
Флекс Бон, 60 капс., Фитомикросферы
Флекс Бон, 60 капс., Фитомикросферы
(0)
Код товара: 7019
Жоқ
11 700 тенге
До конца акции осталось:
00дн.
00час.
00мин.

Буындардың саулығы мен жастығы

«Флекс Бон»– гарпогофитум тамырының сіріндісінің негізіндегі кешенді құрал, буындардың ісінуі мен қабынуын азайтуға ықпал етеді, ауыруды және жайсыздықты басуға көмектеседі. Марганецпен және мыспен күшейтілген инновациялық формуласының және фитомикросфералау технологиясының арқасында адам ағзасына белсенді әсер етеді: жүйке жүйесі мен бас миының жұмысын қалыпқа келтіреді, дәрумендер мен минералдардың сіңуін жақсартады, әр жасушадағы қан ағысын арттырады.


Подарок при покупке
Дарим подарок при покупке данного товара
Выбрать подарок


    Флекс Бон, 60 капс., Фитомикросфералар
    Флекс Бон, 60 капс., Фитомикросфералар
    (0)
    Жоқ
    11 700 тенге
    Арт. 7019
    Францияда өндірілген. 
    СГР 190И10 ФЦ / 2500-3 11.09.2019 ж
    Құты 60 капсуладан тұрады.

    Омыртқа мен буындардың аурулары – онкологиядан кейін және жүрек-қан тамыры ауруларынан кейін әлемде ең көп таралған патологиялардың бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша халықтың кем дегенде 80% осы аурулардан зардап шегеді. Жыл сайын қимыл-тірек аппаратының ауруларына жас адамдар, яғни еңбекке жарамды адамдар көбірек шалдығуда. Сондықтан буындар мен омыртқаға сапалы, тиімді және қауіпсіз қамқорлық және қолдау қажет. 

    «Флекс Бон»– буындардың қозғалғыштығын жақсартуға және қабыну үдерістерін азайтуға арналған аса маңызды дәрумендер мен минералдардың көзі, өндіру технологиясының – фитомикросфералаудың арқасында олар ағзаға барынша көп сіңіп, оған қолдау көрсетеді, осылайша денсаулықты сақтауға және белсенді ұзақ өмір сүруге ықпал етеді.

    «Флекс Бон» гарпагофитум тамырының табиғи сіріндісіне негізделеді, сондай-ақ ол «Чертов коготь» деп аталады. Ежелгі кезден бері бұл өсімдік тірек-қимыл жүйесінің аурулары кезінде халық медицинасында белсенді пайдаланылады. Құрамындағы гарпагозид гликозидінің арқасында «Чертов коготь» ауруды басатын және қабынуға қарсы әрекет етеді, ісінуді басады және буындардың қозғалғыштығын арттырады. Сондай-ақ ағзадан несеп қышқылын шығаруды ынталандырады, осылайша құяң кезінде хал-жайды жеңілдетеді.

    Табиғи өсімдікті стериндер холестериннің ішектен сіңуін азайтып, осылайша қандағы «зиянды заттың» деңгейін төмендетуге көмектеседі. Өз кезегінде бұл жүрек-қан тамыры жүйесінің күйін жақсартады және атеросклероздың профилактикасына ықпал етеді.

    Минералдар жүйке жүйесі мен бас миының жұмысын ынталандырады, тітіркенуді басады және жоғары жүктемелер кезінде ағзаға қолдау көрсетеді.

    «Флекс Бон» кешенінің құрамына кіретін марганец шеміршек тінін қалпына келтіру үдерісін іске қосады, сүйектерді минералдандыру үдерісіне және дәнекер тінінің синтезіне қатысады.

    Мыс сүйектерді нығайтып, сынып қалудан қорғайды, дәнекер тінінің бүтіндігін арттырады, гемоглобиннің түзілуіне қатысып, қаназдық профилактикасына ықпал етеді.

    Қолдану көрсетімдері:

    •         буын аймағындағы ісіну, ауыру және қабыну;

    •         буындардың қозғалғыштығын шектеу;

    •         мойынның, белдің, арқаның ауыруы;

    •         несеп қышқылының шамадан тыс жиналуына байланысты бәшпайлардағы аурулардың жіті ұстамалары;

    •         иммунитеттің төмендеуі және жиі салқын тиіп ауыру;

    •         жоғары жүктемелер.

    Құрамы

    «Флекс Бон» кешенінің компоненттері

    Әр капсуланың құрамында, 350 мг

    Гарпагофитум тамырының сіріндісі

    250,0 мг

    Марганец глюконаты

    9,0 мг

    Мыс глюконаты

    3,9 мг

    Микрокристаллды целлюлоза (Е460)

    82,90 мг

    Магний стеараты (Е470)

    4,20 мг

    Желатин капсуласы

    75 мг

    Қарсы көрсетімдері: компоненттердің дербес төзімсіздігі, жүктілік және бала емізу.

    Пайдалы кеңестер: балалардың қолдары жетпейтін, құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтаңыз.

    ББҚ. Дәрілік құрал болып табылмайды.

    Раздел не найден.

    , .

    (-). 18 21.00 ( , 18.00), ( 18.00).

    . . .