KZ RU
Денсаулық сақтаудың
жүйелік өнімдері
0
себет

Энергетическая Инфракрасная Лампа
(17)
Код товара: CH8222
Қол жетімділік: мало
182 800 тенге
До конца акции осталось:
00дн.
00час.
00мин.

Денсаулыққа, жастық шаққа және сұлулыққа арналған тиімді аспап!

Энергетикалық инфрақызыл шамды пайдалану денсаулықтың күйін жақсартуға, қартаю үдерістерін тежеуге, сұлулықты сақтауға және жастық шақты ұзартуға көмектеседі.

Энергетикалық шам - 4-14 мкм диапазонында күшейтілген инфрақызыл сәуле шығаратын тиімді аспап.

Энергетикалық инфрақызыл аспапты күніне небәрі 10-30 минут қолдану зат алмасу үдерістерін ынталандырады, бұлшықеттің түйілуін және қысылып қалуын кетіреді, жасушаларға энергия береді және дене мен жүйке жүйесінің әртүрлі бөліктерінің жұмысын жақсартады.

Энергия здоровья!

Инфракрасная энергия для надежной защиты иммунитета
Подробнее об акции
Подарок при покупке
Дарим подарок при покупке данного товара
Выбрать подарок


    Энергетикалық инфрақызыл шам
    Энергетикалық инфрақызыл шам
    (17)
    Қол жетімділік: мало
    182 800 тенге

    Арт. CH8222
    Тайваньда өндірілген
    RU C-TW.АЛ16.А. 0399 02.04.2015 ж.

    Заманауи адамның өмір салты оның денсаулығы мен сыртқы келбетіне әсерін тигізеді. Созылмалы шаршаңқылықтың, қолайсыз экологияның, айтарлықтай ақыл-ой және дене жүктемелерінің әсерімен ағзада токсиндер мен шлактар жиналады және мүшелер мен жүйелердің жұмысы бұзылады.

    Жылдар өте келе метаболиттік үдерістер тежеледі, энергетикалық әлеует төмендейді, жасушадан тыс матрикстің тығыздығы азаяды, метаолиттік ағындар бұзылады және ретсіз бөлінеді. Relax F.I.R. энергиясын шығаратын энергетикалық инфрақызыл шамын қолдану қартаю үдерістерін тежеуге және сұлулық пен жастық шақты ұзақ жылдарға сақтауға көмектеседі.

    Relax F.I.R. энергиясының сауықтырғыш әсері Chungcheng Electric Heating Co компаниясының негізін қалаушы және төрағасы, Тайваньның Денсаулық сақтау саласындағы кеңесінің тұрақты мүшесі, Голден Стэйт университетінің философия докторы, энергетикалық медицина жөніндегі маман доктор Чанг Чунг Тай әзірлеп шығарған ерекше чиптердің арқасында мүмкін болды.

    Доктор Чангтың бірегей технологиясы денсаулыққа барынша көп пайда тигізу арқылы адам ағзасына әсер ететін инфрақызыл сәулені шығаруға мүмкіндік береді.

    Қолдану саласы

    Шам Relax F.I.R. энергиясын шығаратын чиппен жабдықталған және дененің кез-келген бөлігін жергілікті қарқынды қыздыру үшін пайдаланыла алады:

    ·       Терінің тығыздығын жақсарту үшін және бет пен мойындағы әжімдерді кетіру үшін, ісінуді азайту үшін, ультракүлгін сәуленің теріс салдарынан қорғау үшін;

    ·       Фотоқартаюдың алдын алу үшін;

    ·       Салқын тиген кезде ауруды сезінуді азайту үшін мұрын мен маңдайдың, құлақ пен кеуденің қуыстарын терең қыздыру үшін;

    ·       Бұлшықеттердің, сүйектер мен буындардың жарақаттарынан, соғып алуынан, сынып қалуынан, шығып кетуінен кейін және басқа зақымдануларынан кейін ауыруды және қабынуды басу үшін арналған. Relax энергиясы хал-жайды жақсартады және оңалту үдерісін жеделдетеді.

    ·       Омыртқаның мойын немесе бел бөлігін қыздыру арқылы күретамыр қысымының деңгейін қалыпқа келтіру үшін;

    ·       Асқазандағы немесе ішектегі түйілулерді азайту үшін, дисменорея кезде ауырсынуды басу үшін;

    ·       Ұзақ жазылмайтын жарақаттардың және трофикалық ойық жаралардың жазылуын жеделдету үшін, сонымен қатар, диабет кезінде және аяқтардың қан айналымы бұзылған кезде қолдану үшін арналған.

    Relax F.I.R. энергиясының қыздыру аймағындағы әсері:

    ·       энергетикалық үдерістерді күшейтеді (АТФ митохондриялардың шығаруын активациялайды);

    ·       жасушааралық сұйықтықтың қозғлауын ынталандырады; 

    ·       ұлпалар мен жасушалардың қанағымын, нәрленуін жақсартады;

    ·       лимфа тоғының күшеюіне, метаболизм өнімдерінің шығарылуына және ісінулерді кетіруге ықпал етеді;

    ·       ұлпалардың регенерация үдерістерін активациялайды, қартаюды тежейді;

    ·       жергілікті иммунитетті күшейтеді.

    Шамды пайдалану

    Шамды пайдаланған кезде өз сезімдеріңізді мұқият қадағалауға кеңес беріледі. Сеанстың ұзақтығы 5-15 минут болған кезде қыздыруды денеден кем дегенде 15 см қашықтығынан бастаған жөн. Одан әрі сеанстың ұзақтығын және денеден арақашықтықты өз сезімдеріңізге бағдарлана отырып, өз пайымдауыңызша реттеуге болады.

    Энергетикалық инфрақызыл шамды пайдалану ыңғайлы: дененің кез-келген бөлігіне бағыттауға болады, алдын ала қыздыру қажет емес, ықшам әрі жеңіл, электр энергиясын аз тұтынады.

    Шамның жұмыс элементтерінің температурасы қауіпсіз (өртке қарсы қауіпсіздігіне кепілдік берілген).

    Энергетикалық инфрақызыл шамды теріні жасарту үшін қолданудың маңызы ерекше.

    Инфрақызыл сәуле теріде жылу бөліп шығарады, ол терінің термиялық-механикалық-сезімтал талшықтарының импульстік белсенділігін өзгертеді, микроциркуляторлық арнаның сегментарлық-рефлекторлық және жергілікті реакцияларын активациялайды. Нағыз тері элементтерін конформациялық қайта құрылыстары терінің иммуногенезін және зат алмасу үдерістерін гуморалдық реттеуді активациялайды. Бұл тері тығыздығының ұлғаюына, ұсақ әжімдердің кетуіне және ірі терең әжімдердің азаюына ықпал етеді.

    Relax F.I.R. энергиясы терінің терең қабаттарының метаболизмін активациялайды, жергілікті қанағымды күшейтеді, дененің жылытылатын бөліктерінің лимфодренажын қамтамасыз етеді, майлар мен көмірсулардың алмасуын ынталандырады, бұлшықеттердің жиырылғыштығын күшейтеді және олардың шаршаңқылығын басады.

    Әсер ету нәтижесі

    1. Шамның энергетикалық тиімділігі инфрақызыл толқындардың әсеріне негізделген. Жылу энергиясы биологиялық үдерістердің энергиясына түрленеді, нәтижесінде микроциркуляция күшейеді, дәнекер тінінің серпімдігі және терінің тығыздығы жоғарылайды, әжімдер жазылады, жасушалық және ұлпалық метаболизм жақсарады. Нәтижесі – жарқыраған тегіс тері.

    2. Судың циркуляциясын жеделдету терең ылғалдануды қамтамасыз етеді, қажет қоректік заттарды, оттегі мен энергияны алуға көмектеседі. Ұлпаларда физикалық, химиялық және құрылымдық түрленулер болады, олар ағзаның барлық жүйелерінің реактивтік жауабының бастапқы негізін құрайды. Нәтижесі – бетте ісінулер және көздердің астында қара дақтар болмайды, бұлшықеттің ауруы мен түйілуі басылады.

    3. Қанның микроциркуляциясын, гемостатикалық және реологиялық қасиеттерін қалпына келтіру Relax F.I.R. энергиясының қабынуға қарсы әрекетіне негізделеді. Нәтижесі – кеңейтілген қан тамырлары, беттегі және терінің басқа бөліктеріндегі «тамырлы жұлдызшалар» айтарлықтай азаяды, жарақаттанған беткі қабаттардың жазылуы жылдамданады.

    4. Инфрақызыл сәулелері ағзаның вирустарға, бактерияларға, тері паразиттеріне деген төзімділігін арттырады. Нәтижесі – теріде және бастың шашты бөлігінде қабыну үдерістерінің азаюы, індет кезеңінде вирустық аурулардың алдын алу.

    5. Relax F.I.R. энергиясы оттегінің жасушаларға өтуін қамтамасыз етеді, сондықтан жүйелі процедуралар жалпы хал-жайды және көңіл-күйді жақсартуға ықпал етеді, ұйқыны ретке келтіреді, бейімделу кезеңін ұзартады. 

     

    Видео

    Раздел не найден.

    , .

    (-). 18 21.00 ( , 18.00), ( 18.00).

    . . .