KZ RU
Денсаулық сақтаудың
жүйелік өнімдері
0
себет

Спириоклинз,  60 капс.
Спириоклинз,  60 капс.
(0)
Код товара: 4009
Қол жетімділік: мало
19 700 тенге
До конца акции осталось:
00дн.
00час.
00мин.

Тыныс алу мүшелерінің табиғи саулығы

Spiriocleanse
Жөтелді жұмсартады, тыныс алуды жеңілдетеді, демігуді азайтады, ауатамырларының шырышты қабықтарының ісінуін азай
тады. Иммунмодульдеуші әрекет етеді: маусымдық респираторлық аурулардың дамуы мен тыныс алу мүшелерінің созылмалы күйінің асқыну тәуекелін төмендетеді. Тыныс алу мүшелерін әртүрлі токсиндік әсерлерден, соның ішінде қоршаған ортаның зиянды әсерінен, темекі түтінінен қорғауды қамтамасыз етеді.

Подарок при покупке
Дарим подарок при покупке данного товара
Выбрать подарок


    Спириоклинз,  60 капс.
    Спириоклинз, 60 капс.
    (0)
    Қол жетімділік: мало
    19 700 тенге

    Арт. 4009
    АҚШ-та өндірілген. № 77.99.11.003.E. 008515.08.15 20.08.2015 ж
    Банка 60 капс.

    Спириоклинз – көп атқарымды әрекет ететін полисахаридтердің, биофлавоноидтардың, сапониндердің, илік заттектердің, хош иісті фенолдардың табиғи көзі. Заттың белсенді компоненттері ауатамырлардың, өкпе жүйесінің ауруларының профилактикасы үшін және оның күйін тұрақтандыру үшін керемет құрал болып табылады: тыныс алуды айтарлықтай азайтады, демігуді азайтады, жөтелді жұмсартады, ауатамырлардың шырышты қабығының ісінуін азайтады және кеуде қуысындағы ауруды азайтуға ықпал етеді, қақырық түсіретін әрекет етеді.

    Спириоклинз ингредиенттері несеп айдағыш, тер шығарғыш әсер етеді, соның арқасында сандырақ күйі кезінде жай-күйді жеңілдетеді, орталық жүйке жүйесін тыныштандырады, жақсы протекторлық және антиоксиданттық қасиеттерді қамтамасыз етеді, тыныс алу мүшелерін көптеген токсиндік әсерлер түрінен – темекі түтінінен, қоршаған ортаның зиянды факторларынан қорғайды, сондай-ақ керемет иммунмодульдеуші әрекет етеді: маусымдық тұмаурату аурулары кезінде және қақырықтың дұрыс түспеуіне байланысты тыныс алу жолдарының созылмалы асқынулары кезінде ағзаны қорғайды.

    Құрамы: цистеин (N-ацетилцистеин), скипетр тектес аюқұлақ гүлдері, қызылмия тамырының сіріндісі, рейши саңырауқұлағының жемісті денесі, астрагал тамырының сіріндісі, маитаке саңырауқұлағының жемісті денесі, қара аюбадам жемістері, жатаған шегіршін қабығы, орегано жапырағы (кәдімгі киікоты), кәдімгі фенхель жемістері, тасшөп жебір жапырағы, селен (селенометионин).

    Ингредиенттерінің қасиеттері:

    Цистеин (N-ацетилцистеин) – тыныс алу жолдарындағы шырышты жою қабілеті бар амин қышқылы. Тыныс алу жолдарының аурулары кезінде сауығу үдерістерін жеделдетеді. Күшті антиоксиданттардың бірі.

    Скипетр тектес аюқұлақ гүлдері – қабынуға қарсы, қақырық түсіретін, тер шығаратын, несеп айдайтын әрекет етеді. Шырышты қабықтардың ісінуін басады, ауатамырлар тегіс бұлшықетінің түйілуін басады және ауру сезімдерін кетіреді.

    Қызылмия тамырының сіріндісі – қақырық түсіретін, бүркеуіш және жөтелді жұмсартқыш қасиеттері бар. Қабынуға қарсы, бейімдегіш, уытсыздандырғыш, ойық жараны және жарақатты кетіретін әрекет етеді. Иммунмодульдеуші әсер етеді.

    Рейши саңырауқұлағының жемісті денесі – кең диапазонда әрекет етуінің және жанама әсерлерінің болмауының арқасында дәстүрлі қытайлық медицинада өсімдіктердің жоғары санатына жатады.  Саңырауқұлақ ағзаны вирустық инфекциялардан қорғауға ықпал ететін интерферонды шығаруды ынталандыратын полисахаридтерге бай. Антиоксиданттық қасиеттері бар, бейімдегіш қасиеті бар, ағзаға күйзеліске қарсы тұруға көмектеседі.

    Маитаке саңырауқұлағы – иммунмодульдеуші қасиеттері бар, интерферонның шығуын күшейтеді. Қатерлі ісіктердің өсуі мен дамуын тежейді.

    Астрагал тамырының сіріндісі – жасушалардың атқарымдарын қалпына келтіретін, олардың антиоксиданттық қабілетін күшейтетін керемет адоптоген. Иммундық, қан түзу, несеп шығару, тыныс алу жүйелеріне, жүрекке және бауырға оң әсер етеді. Теріні тазартады, зат алмасуды, күретамыр қысымын және қандағы қанттың деңгейін қалпына келтіреді.

    Қара аюбадам жемістері – тер шығаратын, дене қызуын басатын, несеп айдайтын, қақырық түсіретін, қабынуға қарсы және тыныштандырғыш әрекет етеді.

    Жатаған шегіршін қабығы – шырышты қабықтардағы ауру мен қабынуды азайтады, бүркеуіш әрекет етеді, өкпе ауруларынан кейін сауығу кезеңінде тиімді, өкпе ұлпасының сусыздануына тосқауыл болады.

    Фенхель дәндері – қабынуға қарсы, қақырықты жұмсартып түсіргіш, несеп айдағыш әрекет етеді, қантүзілімді ынталандырады.

    Орегано жапырақтары – қабынуға қарсы, микробтарға қарсы, ауру басатын, өт айдағыш, несеп айдағыш және қақырық түсіргіш әрекет етеді. Орталық жүйке жүйесіне тыныштандырғыш әрекет етеді, ас қорыту безі мен бронхтық бездің секрециясын күшейтеді. 

    Жебіршөп жапырақтары – ауруды басатын, түйілуге қарсы, қақырық түсіретін, қабынуға қарсы, жараны жазатын, тыныштандырғыш әрекет етеді. Қақырықты сұйылтады және тыныс алуды ынталандырады, бұл қақырықтың түсуіне ықпал етеді.

    Селен (селенометиониннен) – жасушалардың қалыпты әрекет етуі үшін қажет микроэлемент. Жасушалық тыныс алуға, нуклеин қышқылдарының синтезіне қатысады, антиоксиданттық әрекет етеді.

    Пайдалы кеңестер: жарықтан қорғалған және балалардың қолдары жетпейтін құрғақ жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтаңыз.

    Қарсы көрсетімдері: компоненттерге дербес төзімсіздік, жүктілік, бала емізу.

    ББҚ. Дәрі болып табылмайды.

    Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.

     


    Раздел не найден.

    , .

    (-). 18 21.00 ( , 18.00), ( 18.00).

    . . .