KZ RU
Денсаулық сақтаудың
жүйелік өнімдері
0
себет

Пробиотик комплекс Про, 40 гр.
Пробиотик комплекс Про, 40 гр.
(24)
Код товара: 3000PL
Қол жетімділік: көп
27 100 тенге
До конца акции осталось:
00дн.
00час.
00мин.

Лакто- және бифидобактериялардың жиынтығы 
ProbioticComplexPro

Асқазан-ішек жолының микрофлорасының теңгерімін қалпына келтіреді. Белгілі температуралық режимде қатаң сақтау талаптарын қажет етпейді және асқазанның қышқыл ортасына төзімді. Асқазанның қимыл-эвакуаторлық қызметін жақсартады. Ағзаға асты дұрыс қорытуға көмектеседі және иммундық қорғаныс, токсиндерді зарарсыздандыру механизмдерінде маңызды рөл атқарады.

Правильное пищеварение и баланс микробиоты кишечника!
Правильное пищеварение и баланс микробиоты кишечника!

Подробнее об акции
Подарок при покупке
Дарим подарок при покупке данного товара
Выбрать подарок


    Пробиотик кешені Про, 40 гр.
    Пробиотик кешені Про, 40 гр.
    (24)
    Қол жетімділік: көп
    27 100 тенге

    Арт. 3000PL
    АҚШ-та өндірілген. № 77.99.11.003.Е.000523.01. 15 20.01.2015 ж
    Құты 40 г

    «Пробиотик Кешені Про» кешенінің құрамына лакто- және бифидобактериялардың кең түр құрамы бар, олар асқазан-ішек жолының микрофлорасының оңтайлы теңгерімін қалпына келтіру, ас қорыту үдерістерін тұрақтандыру үшін қызмет етеді, тоқ ішектің қимыл-эвакуаторлық қызметін қалыпты күйге келтіреді.

    Кешеннің формуласында пробиотикалық дақылдардың қоспасы адам ағзасына асты бірқалыпты қорытуға және иммунитетті қорғау механизмдерінде, дәрумендердің синтезінде және токсиндерді зарарсыздандырғанда маңызды рөл атқаруға көмектеседі, сондай-ақ ауру туғызатын микроағзалардың ағзаға түсуіне және таралуына тосқауыл болады. 

    Микрофлораның жоғары белсендігін иерусалимдік бөрікгүл ұны мен инулиннің пребиотикалық қоспасы қолдайды, олар өнімнің құрамына кіреді және ішек биоценозы үшін қоректік толықтырма болып табылады. Өнімді дайындаудың заманауи инновациялық технологиясы компоненттердің биологиялық әрекетінің айтарлықтай толық сақталуын қамтамасыз етеді, Белгілі температурада сақтаудың ерекше шарттарын талап етпейді, антибиотиктердің әрекетіне және асқазанның қышқыл ортасына төзімді.

    Компоненттердің белсенді заттары асқазан-ішек жолындағы кез-келген ықтимал ауытқымалар кезінде ерекше пайдалы, бактерияларға қарсы және аллергияларға қарсы айқын әрекет етеді.

    Құрамы: пробиотикалық дақылдардың қоспасы: Acidophilus лактобациллі, Rhamnosus лактобациллі, Plantarum лактобациллі, Salivarius лактобациллі, Bulgaricus лактобациллі, Casei лактобациллі, Brevis лактобациллі, Lactis, Bifidobacterium Bifidum, Bifidobacterium Lactis, Bifidobacterium longum лактобациллдері, пребиотикалық қоспа: инулин, иерусалимдік бөрікгүл ұны. 

    Ингредиенттердің қасиеттері:

    Лактобациллы (Аcidophilus, Rhamnous, Plantarum, Salivarius, Vulgarius, Lactis, Casei, Brevis) – адам ағзасында туған сәттен бастап бар және адам микрофлорасының маңызды компоненті болып табылады. Патогенді микроағзалардың – көптеген ауруларды қоздырғыштардың әрекетін басады, қоректік заттардың сіңу үдерістерін жақсартады, бауырдың жұмысын қалпына келтіруге ықпал етеді, ақуыз бен майлы ыдыратуға қатысатын протеаза мен липаза ферменттерін өндіріп, ас қорытуға қолдау көрсетеді, несеп шығару жолдарын инфекциялардан қорғайды. Иммунмодульдеуші, қатерлі ісікке қарсы әрекет етеді, қанның құрамында холестериннің мөлшерін төмендетеді.

    Бифидобактериялар (Вifidum, Lactis, Longum) – патогенді және шірігіш бактериялардың көбеюіне тосқауыл болатын белсенді микроағзалар, ас қорытуды жақсарту арқылы ішек микрофлорасын қалпына келтіруге ықпал етеді. Амин қышқылдары мен дәрумендердің синтезіне қатысады, иммундық жүйеге қолдау көрсетеді, ішқатпаны кетіреді, іш өтуді басады.

    Пребиотикалық қоспа:

    Иерусалимдік бөрікгүл ұны – құрамында инулин, фруктоза, В тобының дәрумендері, С дәрумені, темір, фосфор, қалий және жасұнық бар, ішектің жұмысын ретке келтіреді, сау микрофлораны қалпына келтіреді.

    Инулин – ішектің метаболиттік қызметін белсендіреді және өзіндік пайдалы бактериялардың өсуі мен дамуына ықпал етеді, кальцийдің тоқ ішекке сіңуін арттырады, остеопороздың даму тәуекелін төмендетеді, жүрек-қан тамыры жүйесіндегі атеросклероздық өзгерістерінің тәуекелін азайтып, липидтердің метаболизміне әсер етеді, көмірсу алмасуға қатысады.

    Пайдалы кеңестер: балалардың қолдары жетпейтін, құрғақ, жарықтан қорғалған, 25°С-ден аспайтын температурада сақтаңыз.

    Қарсы көрсетімдері: компоненттерге дербес төзімсіздік.

    ББҚ. Дәрі болып табылмайды.
    Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.


    Видео

    Раздел не найден.

    , .

    (-). 18 21.00 ( , 18.00), ( 18.00).

    . . .